Тік оқпанды ұңғылау

Тау құрылыс қызметінің әр түрінің негізгі алғы шарты – геологиялық формацияға сәйкес қолайлы мүмкіншіліктерімен қамтамасыз ету.

Кен, көмір немесе тұз көздері көбінесе жер бетінен 1000м-ден жоғары тереңдікте жатады.

Шахта оқпаны, пайдалы қазба байлықтарға жетудің қысқа жолы болып келеді.

Қатты жартас жынысы бұрғылау-жарылыс әдісімен ашылса, жұмсақ жынысты кенді өтуө шахта оқпанын бұрғылау арқылы өтіледі.

Тау өндірімдерінен өңделген өнімдердің қажетті уақытша және тұрақты тіреуіштерді жасау үшін көптеген әдістер спектрі және материалдар бар, соның ішінен нағыз қолайлысын таңдауға болады.

Бұл жерде,кеңістікті толтыратын алдынғы катардағы тау өндірімдерінің темірбетондық тіреуішін айтып отырмыз, сонымен қатар тюбингтік тіреу. Қажет болғанда, кен қазбаларының су өткізбеушілігімен қамтамасыз етіледі.

Шахта оқпанының диаметрі және оның жабдығы оқпанды пайдалану жобасына байланысты.

Тіптен, геологиялық жағдайларда қиын және жиі алмасатын тау сілемдерін бағындыруға болады.

Шахтбау Қазақстан ЖШС өздерінің тапсырыкерлеріне арнап, әр түрлі білікті жоғары сапалы мамандар қызмет етеді. Сонымен қатар, біз қазіргі заманның талабы бойынша құрылыс жиынтығы мен жерасты тау өнімдерінің тіреуіне қажетті жабдықтар мен технологияны ұсынамыз.

Ұзын терең ор арқылы көлбеу кен қазбасын ұңғылау

Егер кен көзі айтарлықтай жер бетінен тереңдікте болмаса, шахта оқпанының құрылысының орнына 8%-дан 14%-ға дейінгі көлбеумен кен қазбасын өту қолданылады, яғни Ұзын терең ор құрылғысымен.

Көлбеу кен қазбасын ұңғылау тіке немесе ширақ орам түрде өтуі мүмкін.

Кен қазбасының көлденең қимасының мөлщері мен құрылысы шахтаны пайдалану жобасына байланысты, сонымен қатар тау сілемінің геологиялық жағдайына байланысты.

Қазба байлықты дамперлермен өндіру кезінде қиманың мөлшері шамамен 40 m² болуы жөн. Балама нұсқа негізінде дамперлермен тартып шығару ушін таспалы тасымалдағышты пайдалануға болады, ол қазбалардың жан жағында орналасады.

Егер қазба сілемдері өздерінің физико-механикалық қасиеттері бойынша жеткілікті тұрақты болса, тазартқыш қазбаларды тікбұрышты пішінді көлденең ұңғылау арқылы жүргізуге болады. Ол бүкіл кеңістіктің көлдеңесін жарықта пайдалануға мүмкіндік береді.

Көлденең қазбаларды ұңғылау – квершлагтар және құламалар

Көлденең қазбаларды ұңғылау немесе аз мөлшерде ауытқытып қазбалау Шахтбау Қазақстан ЖШС-нің негізгі бағыты болып есептелінеді.

Біздің шахтерлер және инженерлер бұл қызметте үлкен тәжрибелері бар.

Әр жобаға нақты геологиялық жағдайға байланысты арнайы технология өңделеді, сонымен қатар істің экономикалық сәттілігін негіздейді, әсіресе шахтерлердің өмірлерінің қауіпсіздігіне кепіл береді.

Тау сілеміның қиылысу қабатының беріктігіне және жан жақтағы салмаққа байланысты тіреу қазбаларының сәйкес түрі және құрылысы анықталады.

Ұңғылау технологиясын жетілдіру үшін, сіздің ұйғарымыңызға көптеген комплекстік әдістер бар, оларды біз талап ету бойынша әрқашанда жаңартамыз.

Жобалау

Біздің инженерлер тек өзіміздің атқарып отырған құрылыстағы объектілерді жобалап қана қоймай, жеке және мемлекеттік тапсырыстарды жобалауды орындайды.

Көбінесе біздің міндетімізге жалпы комплекстік жоспарлау, яғни эскизді құрудан бастап, жоспарлау сызбасын және кен өнеркәсібіі құрылысының құжаттарын өңдеу,  тік, көлбеу кен қазбасын және көлденең қазбаларына дейін қызметін көрсетеді.

Сәйкес статикалық есептер, жобалаудың негізгі бөлігі бола отырып, қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, қазбаның әр қабатындағы спецификалық қасиеттерін ескеріп үшмөлшердегі тіреуді және қазба сілемдерін құруға мүмкіншілік береді.

Жобалау нормаларын жасау технико-экономикалық негізден бастап комплекстік технологияны құрылыс кезінде де алып келеді.