Қазақстандағы өнімділіктің бұрынғысынша жоғары көрсеткіштері

  • 30-06-2021
  •  

Хромтау/ Қазақстан – 2021 жылдың сәуір айының басында, жаңа келісімшарт күшіне енгеннен кейін, – 400 м көкжиекте ұңғылау және вентиляциялық көліктік еңісті салу жұмыстары басталды. Осылайша, «ШАХТБАУ КАЗАХСТАН» ЖШС әріптестері «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасында үшінші үңгілеуді жүзеге асыруға сәтті кірісті. Жақында компанияға жұмысқа қабылданған 30 жаңа қызметкер кеншілер командасына бекітілді. Сонымен қатар, жаңа техникаға айтарлықтай инвестициялар жасалды. Осы жұмыстармен қатар, ERG Capital Projects / ҚАЗХРОМ тапсырыс берушісімен Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында алдағы бірнеше жылда іске қосылатын бірнеше жобалар туралы келіссөздер жүргізілуде. 2021 жылғы 13 маусымда ұңғылау жұмыстары барысында 8 000 м өткен және нығайтылған қуақаздардың кезекті кезеңіне қол жеткізілді. «Біздің команда осы нысанда жоғары өнімділікпен және еңбек қауіпсіздігінің жоғары деңгейімен, жазатайым оқиғаларсыз жұмысты жалғастыру үшін бар күшін салады», - деп хабарлайды Бас директор Олаф Шмидт. Алайда, барлық жетістіктерге қарамастан, ол шахтадағы құрылысқа қажетті материалдар бағасының өсуіне алаңдайды. Бұл Қазақстанда айтарлықтай байқалады және күрделі проблема болып табылады, сондықтан шешімдерді іздеу және баламаларды енгізу үшін барынша күш салу қажет.