Хромтау – 2019 жылдың 4 желтоқсаны, қасиетті Барбара күнінде ЖШС "SCHACHTBAU Kasachstan/ ШАХТБАУ КАЗАХСТАН" бас директоры Олаф Шмидт, мақтанышпен жаңалық хабарлады: Бүгін таңертең, Батыс Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:00 шамасында, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл" атты шахтасындағы 27 тасымалдау орты және 28 тасымалдау ортының арасындағы екі қазбаның жаңылысы сәтті өтті. Маркшейдерлік өлшеу, бағыт пен биіктік бойынша елеулі ауытқуларды анықтаған жоқ. Үңгілеу бригадасы қазіргі уақытта жобаға сәйкес түйіндесу учаскесін ресімдеумен айналысуда.
Хромтау қаласының барлық командасы қол жеткізген межені мақтан тұтады және болашақтағы тапсырмаларға үлкен жігерлікпен дайын. ЖШС "ШАХТБАУ КАЗАХСТАН" - ның барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ бас компания қызметкерлеріне, серіктестерге және жеткізушілерге үлкен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Әрі қарай да жұмыстарымыз қауіпсіз, табысты және қасиетті Барбараның қорғауында болсын.